«Өте мықты бапкер. Маман! Брайанмен жұмыс істеудің өзі ғанибет. Бізге не керек, соны шыңдап жатыр. Біз жаңа деңгейдеміз!» деп жазды Әлімханұлы әлеуметтік желіде.Бұған дейін Әлімханұлы шаршы алаңда IBF-тің жаңа чемпионы, германиялық Винченцо Гуальтьеримен (21-0-1, 7 КО) жұдырықтасатыны туралы ақпарат тараған. Кездесу 14 қазан күні Розенбергте (Техас штаты, АҚШ) өтеді.
«Жаңа деңгейдеміз»: Жәнібек Әлімханұлы жаңа бапкері туралы пікір білдірді

«Жаңа деңгейдеміз»: Жәнібек Әлімханұлы жаңа бапкері туралы пікір білдірді
WBO нұсқасы бойынша орта салмақта әлем чемпионы, қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (14-0, 10 КО) жаңа бапкеріне қатысты пікірін айтты, деп хабарлады turkystan.kz.
BasSport.kz-тің жазуынша, Жәнібек 2016 жылдан бері Джеймс Макгиртпен жұмыс істеп келді. Бұдан былай оны тағы бір америкалық маман Брайан Вилория жаттықтырады.