БҚО-да жоғалған 3 жасар қызды иісшіл ит тауып берді

БҚО-да жоғалған 3 жасар қызды иісшіл ит тауып берді

БҚО-да жоғалған 3 жасар қызды иісшіл ит тауып берді
ашық дереккөзі
50385
БҚО полицейлері жоғалып кеткен 3 жасар бүлдіршінді анасына тауып берді, деп хабарлады turkystan.kz 28 тамыз күні сағат 22:00 кезінде Жәнібек аудандық полиция бөліміне 32 жастағы Жәнібек ауылының тұрғыны хабарласып, 3 жасар Айару есімді қызының жоғалып кеткені туралы айтып, арыз қалдырған. Ауыл тұрғыны Жәнібек ауданының Ұзынкөл ауылына қонаққа бара жатып, жолшыбай мінген автокөліктен қызы екеуі түсіп қалған. Polisia.kz-тің жазуынша, қараңғы түскен уақытта әйел қызымен келе жатып, кенет қызынан көз жазып қалған. Бойын үрей билеп, бірден жан-жағын іздеп қарай бастайды, бірақ нәтиже болмаған соң полиция қызметкерлеріне хабарласқан. Кішкентай бүлдіршінді іздеуге полиция бөлімінің барлық жеке құрамы жұмылдырылып, іздеу жұмыстары түнімен жүргізілді. Іздеу іс-шарасына 200-ден астам полиция қызметкері қатысып, соның ішінде шекара, төтенше жағдайлар қызметі, әкімдік және жергілікті ауыл тұрғындары, барлық аудан қызметтері атсалысқан. Іздеу салынған Айару таңғы 04:00-де шекара қызметінің кинолог иттерінің көмегімен табылған. Қыз аман-сау аудандық ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта бүлдіршіннің өмірі мен денсаулығына еш қауіп төніп тұрған жоқ.

Серіктес жаңалықтары