«Бұл бассыздық болды. Келісемін, Аджагба лас боксшы, бірақ Кособуцкийдікі опасыздық болды. Сондықтан оның дисквалификациясы әділ. Оның лас соққыны жиі қолданғаны мені таңдандырды. Осындай деңгейдегі жекпе-жекте төрешінің бақылауы жоғары болатынын түсінбеді ме? Енді қазақстандық боксшының АҚШ-тағы болашағы осымен бітті деуге болады, ал Аджагба болса, Джошуамен жекпе-жекке шығатын шығар», - дейді Маккаферри.
Қазақстандық боксшының АҚШ-тағы болашағы осымен бітті – америкалық журналист

Қазақстандық боксшының АҚШ-тағы болашағы осымен бітті – америкалық журналист
Америкалық журналист Джек Маккаферри Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында нигериялық Эфе Аджагбаға (18-1, 14 KO) қарсы жекпе-жекте қазақстандық Жан Кособуцкийдің (19-1, 18 KO) шеттелгеніне қатысты пікір білдірді, деп хабарлады turkystan.kz.