«Махаббат пен өнер ұлт таңдамайды»: Толқын Забирова 26 жыл отасқан күйеуі туралы айтты

«Махаббат пен өнер ұлт таңдамайды»: Толқын Забирова 26 жыл отасқан күйеуі туралы айтты

«Махаббат пен өнер ұлт таңдамайды»: Толқын Забирова 26 жыл отасқан күйеуі туралы айтты
ашық дереккөзі
50974
Танымал әнші Толқын Забирова махаббат пен өнер ұлт таңдамайтынын айтып, 26 жыл отасқан күйеуі туралы сөз қозғады, деп жазды turkystan.kz. Әнші жақында ғана жолдасын туған күнімен құттықтап, көпшілікке таныстырған болатын.
 «Достарым! Жолдасымның атына келіп жатқан құттықтауларыңызға мың рақмет! Біреуі білсе, біреуі білмейтін шығар, өмірлік жарыммен Алла қосқанына 26 жыл болды! Үш ұлымыз дүниеге келді. Бізді қосқан – өнер жолы. Махаббат пен өнер ұлтты таңдамайды, жүрек таңдайды. Иә, ұлты қазақ болмағанымен, қазақ жерінде - Жамбыл облысы Мерке ауданында өмірге келген», – дейді Толқын Забирова.
Өнер иесінің айтуынша, күйеуі бірқатар отандық әншілердің жұлдызын жаққан.
«Қазақ өнеріне қосқан үлесі ұшан-теңіз! Өздеріңіз сүйіп тыңдайтын өнерпаздардың көбісі жолдасымның қолдауымен танымал болды. Аттарын айтпай-ақ қояйын, білетін адам біледі. Адамгершілігі, жан пәктігі, кең жүрегі (айта берсем көп) болмаса, қасынан мен табылар ма едім?! Одан да әр ару өзінің теңін тауып, бақытты болсын деп тілейік. Таңдай қағып отырғандарға айтарым: «Мен үшін алаңдамай-ақ қойыңыздар, мен – бақытты әйелмін. Адамды ұлт арқылы емес, ісінен бағалау абзал», – деді әнші.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Tolkyn Zabirova (@tolkynzabirova)

Серіктес жаңалықтары