Шымкентте ер адам төбелестен соң үйіне келіп қайтыс болды

Шымкентте ер адам төбелестен соң үйіне келіп қайтыс болды

Шымкентте ер адам төбелестен соң үйіне келіп қайтыс болды
ашық дереккөзі
50357
Шымкентте ер адам төбелестен соң үйіне жетіп көз жұмған, деп хабарлады turkystan.kz Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап. 1982 жылы туған ер адам төбелестен соң үйіне барып, өзін нашар сезінген, әйелі жедел жәрдем шақырған. Шақыру бойынша келген жедел жәрдем оның қайтыс болғанын анықтады. «Шұғыл шақыру» бағдарламасының хабарлауынша, төбелес 25 тамыз күні сағат 21:30 шамасында Тельман шағынауданында, Самал базарының маңында болған. Алдын ала болжам бойынша, екі адам төбелескен. Ер адамның нақты неден қайтыс болғанын медициналық сараптама анықтайды.

Серіктес жаңалықтары