«Ұятты сөз жазылып тұрды»: Маңғыстаудағы көне шатқалға ойып жазу жазған шенеунік өз әрекетін түсіндірді (ВИДЕО)

ашық дереккөзі
50777
Маңғыстау облысындағы Ыбықты-Сай шатқалына қашап жазу жазған Ақтөбе қалалық зағиптар қоғамы Мәдениет үйінің директоры Манас Көшербаев көпшіліктен кешірім сұрады, деп хабарлады turkystan.kz. Оның айтуынша, каньонның жолы нашар, қабырғасында әдепсіз сөздер жазылған. Сондықтан оны түзетуге шешім қабылдаған көрінеді.  «Жалғыз ниетім – ұятты сөзді әдемі атқа ауыстыру еді» дейді ол. «Тарихи жәдігерге қылдай қиянат қылу ойымда болған жоқ. Маңғыстау жұртының, отандастарымның алдында барынша басымды иіп, кешірім сұраймын! Ғафу етіңіздер, ағайын!» - деді Манас Көшербаев.

Серіктес жаңалықтары