50630
Азия ойындарына баратын боксшылардың тізімі жарияланды
Азия ойындарына баратын боксшылардың тізімі жарияланды

Бокстан Ханчжоуда өтетін ХІХ жазғы Азия ойындарына баратын боксшылардың тізімі жарияланды, деп хабарлады turkystan.kz.
Мырзағали Айтжанов бастаған ұлттық құрама бапкерлері Азиада төрінде ел намысын қорғайтын боксшылардың тізімін атады. Олар: Сәкен Бибосынов (51 келі), Махмұд Сабырхан (57 келі), Ертуған Зейнуллинов (63,5 келі), Асланбек Шымбергенов (71 келі), Нұрбек Оралбай (80 келі), Сағындық Тоғамбай (92 келі), Қамшыбек Қоңқабаев (+92 келі).
Айта кетейік, бокстан ұлттық құрама Ташкентте өткен әлем чемпионаты мен Астанада өткен Elorda Cup турнирінің нәтижесінде жасақталған. Ханчжоудағы жазғы Азия ойындары 23 қыркүйек - 8 қазан аралығында өтеді.
