Ақмола облысында бір адам қайғылы жағдайда көз жұмды

Ақмола облысында бір адам қайғылы жағдайда көз жұмды

Ақмола облысында бір адам қайғылы жағдайда көз жұмды
ашық дереккөзі
50243
Ақмола облысының Шортанды ауданында елікке соғылған жеңіл көлік аударылып, бір адам көз жұмды, деп хабарлады turkystan.kz. Облыстық ПД баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жол апаты тамыздың 23-інде сағат 22:00 шамасында «Пригородное-Жолымбет» автожолының 37-шақырымында болған. Анықталғандай, Шортанды кентінен Бектау ауылына бағыт алған 29 жастағы тұрғынның басқаруындағы Lada Priora көлігі жолдың үстіне шауып шыққан елікпен соқтығысқан. Салдарынан көлік аударылып, 27 жастағы жолаушы (көлік жүргізушісінің әйелі) алған дене жарақатынан көз жұмды. Сонымен бірге, көлікте 2 жасар қыз бала болған, ол зардап шеккен жоқ. «Қазір осы дерекке байланысты Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі іс қозғалып, сараптама тағайындалды», - деді ведомстводан.    

Серіктес жаңалықтары