Қостанайда үш жасар сәби терезеден құлап кетті

Қостанайда үш жасар сәби терезеден құлап кетті

Қостанайда үш жасар сәби терезеден құлап кетті
ашық дереккөзі
50268
Қостанайда үш жасар сәби үшінші қабаттың терезесінен құлап кетті, деп хабарлады turkystan.kz. 2019 жылы туған нәресте ересектердің қарауынсыз қалған.
«22 тамызда сағат 13:30-да 9-ықшамауданда бес қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатындағы пәтердің терезесінен 2019 жылы туған қыз бала құлап кетті. Оқыс оқиға бала ересектердің қарауынсыз жалғыз қалған кезде орын алды. Зардап шегуші қалалық балалар ауруханасына жатқызылды. Дәрігерлер оған мидың шайқалуы, қабақтың ашық жарасы, іштің доғал жарақаты, жағдай қанағаттанарлық деп диагноз қойды», -  делінген облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары