Алматыдағы үлкен айналма тас жолына 350 млрд теңге жұмсалмақ

Алматыдағы үлкен айналма тас жолына 350 млрд теңге жұмсалмақ

Алматыдағы үлкен айналма тас жолына 350 млрд теңге жұмсалмақ
ашық дереккөзі
243
Алматыдағы үлкен айналма тас жолына  шамамен 350 млрд теңге инвестиция салынбақ. Бұл туралы Бауыржан Байбек 2016 жылғы Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуын қорытындылау жиынында мәлімдеді.  «Өздеріңіз білетіндей, көшедегі көлік кептелісі көптеген ірі мегаполистерде бар. Біз мұны жүйелі түрде шешуді көздеп, транспорттық реформаны бастадық. Елбасы тапсырмасымен соңғы 15 жылда 30 жол айырығын салуға 300 млрд теңге жұмсалды. 2018 жылы аяқталатын тағы екі жол айырығы негізгі көшелердегі кептелісті азайтады», - деді қала әкімі. Сондай-ақ, Бауыржан Байбек Алтын-Орда базары маңындағы жолды кеңейту жұмыстары биыл басталып, күрделі көлік мәселесін шешетінін айтты. Биыл құрылысы жоспарланып отырған Алматы үлкен айналма автомобиль жолы қаланың транзит жүктемесінен азайтады. «Айналма жол Батыс Қытай мен Еуропа арасындағы логистикалық хаб ретінде Алматының экономикалық әлеуетін арттырады. Жобаға шамамен 350 млрд теңге инвестиция салынады деп жоспарланған. Бұл жаңадан мыңға жуық жұмыс орнын ашып, алматылық компанияларды жұмысқа тартады», - деді әкім.  

Серіктес жаңалықтары