Астана автобустарында QR-код арқылы жолақы төлеу жүйесі жойылады

Астана автобустарында QR-код арқылы жолақы төлеу жүйесі жойылады

Астана автобустарында QR-код арқылы жолақы төлеу жүйесі жойылады
ашық дереккөзі
50419
Елордада жолаушылардың 40 пайызы автобустағы жолақысын төлемейді. Бұл жайында Астана қаласы мәслихаты тұрақты комиссиясының отырысында айтылды, деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Мәслихат депутаты Владислав Сергеев қоғамдық көлікпен жиі жүретінін және жолаушылардың біразы жолақысын төлемейтінін байқағанын айтты. Өз кезегінде Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Бауыржан Тайбергенов бұл мәселе автобустарда ақы төлеу жүйесін ауыстыру кезінде шешімін табатынын айтты.
«Жолақысын төлемейтіндер мәселесіне тоқталсақ, бұған QR-код арқылы есептесу жүйесі әсер етіп отыр. Жолаушылардың кейбірі контролер жақындаған кезде ғана жолақысын төлеуге кіріседі. Жаңа жүйе банк картасы сияқты болады, яғни QR-код жүйесінен бас тартамыз. Азаматтар тек банк картасын пайдаланып, ақыны тек автобустың кіреберісінде төлейді. Егер QR-төлемінен бас тартсақ, банктік жүйе іске қосылса, онда жолақысын төлемейтіндер шамамен екі есе немесе үш есеге дейін азаюы мүмкін», - деді Б. Тайбергенов.

Серіктес жаңалықтары