Ер адам Оңтүстік Кореяға жұмыс істеуге кетіп, отбасын 5 жыл бойы көрмеген

Ер адам Оңтүстік Кореяға жұмыс істеуге кетіп, отбасын 5 жыл бойы көрмеген

Ер адам Оңтүстік Кореяға жұмыс істеуге кетіп, отбасын 5 жыл бойы көрмеген
ашық дереккөзі
50322
Әлеуметтік желі қолданушысы, Қазақстан тұрғыны отбасындағы таңғажайып оқиғасын айтып берді. Оның күйеуі Оңтүстік Кореяға жұмыс істеуге кетіп, бес жыл бойы отбасын көрмеген, деп хабарлады turkystan.kz El.kz-ке сілтеме жасап. «Күйеуімді көрмегеніме бес жыл болды, бұған қалай төзгенімді білмеймін», - деп есіне алды ол. Әйелдің айтуынша, күйеуі 2018 жылдың ақпан айында Оңтүстік Кореяға кеткен.
«Мен өзімді нашар сезіндім, жүрегімді тартып алғандай болды, жыладым. Ол кезде балам 1,5 жаста еді, енді ғана сөйлей бастаған. Екінші балама жүкті болатынмын. Босанар алдында уайымдадым», – дейді келіншек.
Босанған кезде оны күйеуінің достары шығарып алған.
«Сөйтіп, күндер өте берді, бейнебайланыс арқылы баланы көрсеттім. Босанғаннан кейінгі депрессияға түсіп, көп жыладым. Барлық отбасылық мереке күйеуімсіз өтті: тұсаукесер, туған күн, тіпті үйлену тойлары», - дейді ол.
Жас келіншек күйеуі кеткенде 19 жаста болған. Одан кейін өзі кәсіп ашуға тырысқан: торт пісіріп, тасбих, маникюр жасады. 4 жылдан кейін әйел үмітін үзіп, жаңа өмір бастау үшін Алматыға кетеді. Алайда ол отбасы үшін шыдау керегін түсінген. Көп ұзамай, баласы 1-сыныпқа барады.
«Үміт үзілгенде, күйеуім қайтып келді. Біз асыққанмен, Алла асықпайды. Әр нәрсенің өз уақыты бар. Бес жылдан кейін күйеуім қайтып оралды. Біраз уақыт ол менен ұялып жүрді. Ұлы оны бірден таныды. Содан қайтадан некеге тұрдық», – дейді әйел.
Бұл оқиға резонанс тудырды. Видеоны әлеуметтік желіде 2 миллион адам қараған. «Қандай керемет, шыдамды әйел. Ал жігіт қандай жақсы, отбасының алдындағы борышын өтеген» деп жазды Қазақстан тұрғындары. Белгілі болғандай, бұдан кейін отағасы жұмыс істеп тапқан қаржысына үй алған.            

Серіктес жаңалықтары