341
Трамп: Елге адам кіргізбеуге құқым бар
Трамп: Елге адам кіргізбеуге құқым бар
АҚШ президенті Дональд Трамптың айтуынша, егер елге адам кіргізу - мемлекет мүддесіне қайшы келсе, президенттің оларды жібермеуге құқығы бар. Бұл туралы ол Флоридада мәлімдеді деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Егер президент адамдарды елге кіргізу - мемлекет үшін қауіпті екендігін сезген болса, оларды жібермеуге құқығы бар», - деп атап өтті Трамп. Ол бұл сөзімен босқындар мен жеті елдің мұсылман азаматтарының АҚШ-қа кіруіне тыйым салу туралы бұйрығы екенін түсіндірді. АҚШ президентінің сөзін CBS News трансляциялағанын айта кетейік.