«Облыстық ТЖД жедел штаб құрып, қауырт желі жұмыс істеп тұр. Нөмірі: 8-7253-357881. Оқиға орнына 144 адам, 16 техника, 6 қайық және дрон жұмылдырылды. Төтенше жағдайлар, Полиция департаменттері, жергілікті атқарушы органдар жұмыс істеп жатыр. Бұл - жедел ақпарат және өзгеруі мүмкін», - делінген Түркістан облысы ТЖД таратқан ақпаратта.Төтенше жағдайлар департаментінің күш-құралдары әзірге судан 6 мәйітті шығарды. Қазір олардың кім екені және жасы анықталып жатыр. Бес адам іздеcтіріліп жатыр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram