Абай облысында автобус Toyota көлігіне соқтығысып, бір адам қаза тапты

Абай облысында автобус Toyota көлігіне соқтығысып, бір адам қаза тапты

Абай облысында автобус Toyota көлігіне соқтығысып, бір адам қаза тапты
ашық дереккөзі
50412
Абай облысында жолаушылар мінген автобус пен көлік соқтығысып, бір адам көз жұмды, деп хабарлады turkystan.kz. Рolisia.kz-тің жазуынша, 14 тамыз сағат 05:38 шамасында Toyota Land Cruiser жүргізушісі Таскескен-Бақты тас жолынан 200 метр қашықтықта Ақжар ауылында Абылайхан даңғылы арқылы жүріп келе жатып, VANHOOl жолаушылар автобусымен соқтығысқан. Toyota жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды. Автобус жүргізушісі ауруханаға жатқызылды. ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот сараптамалары тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша іс жүргізу шешімі қабылданады.

Серіктес жаңалықтары