50334
Астанада туысы кішкентай қызды аяусыз тепкілеген
Астанада туысы кішкентай қызды аяусыз тепкілеген

Әлеуметтік желіні мониторингілеу барысында белгісіз бойжеткеннің кәмелетке толмаған қызды ұрып жатқан бейнежазбасы анықталды, деп хабарлады turkystan.kz.
ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, 14 тамыз күні таңғы уақытта 5 жасар қыз балабақшаға барғысы келмеген. 17 жастағы туысы оның бұл әрекетіне наразылық білдірген.
«Бойжеткенге қатысты ӘҚБтК-нің 73-2-бабы 1-бөлігі «Ұрып-соғу» бойынша әкімшілік іс қозғалды. Қыз баланың заңды өкілдері болған оқиғаны әрі қарай талқылаудан бас тартты. Оларға балалар психологімен жұмыс ұсынылды. Егер сіз құқықбұзушылықтың куәгері болсаңыз, 102 арнасына хабарласаңыз», - деді полициядан.