«Алматы қаласының жолаушыларын әлеуметтік маңызы бар тұрақты тасымалдауға тарифтер төлем тәсіліне қарай мынадай мөлшерде белгіленсін: ұялы байланыс операторының не көлік картасының қызметтері арқылы қолма-қол ақшасыз төлеген кезде — 100 теңге; жол жүру ақысын қолма-қол ақшамен төлеген кезде – 200 теңге», – делінген қаулы мәтінінде.Еске салайық жаңа тариф 9 тамыз күні қала мәслихатының 7-сессиясында бекітілді. Әкімдік өкілдерінің айтуынша, тасымалдаушылар шығындарының артқанына қарамастан, мегаполисте жолақы 11 жылдан астам уақыт бойы өзгермеген.
Қаулыға қол қойылды: Алматыда жолақы қымбаттайды

Қаулыға қол қойылды: Алматыда жолақы қымбаттайды
Алматыда 21 тамыздан бастап қоғамдық көлікте жолақы қымбаттайды, деп хабарлады turkystan.kz.
Атап айтқанда, «Оңай» картасымен немесе QR-код арқылы төлем жасағанда жол жүру ақысы 100 теңге болады, яғни баға 20 теңгеге қымбаттайды. Қолма-қол төлемде жол жүру құны – 150-ден 200 теңгеге дейін көтеріледі, деп жазды ҚазАқпарат.
Алматы әкімі Ерболат Досаев 10 тамыз күні жолаушыларды тасымалдау тарифтерін көтеру туралы қаулыға қол қойды.