50538
Еңбек жағдайы, лайықты жұмыс: «AMANAT» партиясының жол картасы қалай жүзеге асуда
Еңбек жағдайы, лайықты жұмыс: «AMANAT» партиясының жол картасы қалай жүзеге асуда
«AMANAT» партиясының 2027 жылға дейінгі «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасы азаматтардың әл-ауқаты мен ішкі өндірісті арттыруға бағытталған 10 міндет бойынша 205 іс-шарадан тұрады. Бүгінгі күнге дейін оның 25-і жүзеге асырылды.
Партияның бірінші бағыты: «Бақуатты өмір, лайықты жұмыс пен еңбек жағдайы». Онда азаматтардың нақты табысын арттыру және еңбек жағдайы, жұмыс орнындағы қауіпсіздікті күшейту міндеттері жазылған.
Сайлау бағдарламасында «Біз мемлекеттік және азаматтық қызметкерлердің еңбекақысын арттыру арқылы жалақы жүйесін қайта қарастырамыз. Әлеуметтік маңызды кәсіп иесі – мәдениет саласының маманы, кітапханашы, төтенше жағдай, табиғатты қорғау, орман және балық шаруашылығы қызметкерлерінің жалақысын арттырамыз.
Дәрігер мен медицина қызметкерлерінің игілікті еңбегі лайықты түрде бағаланады. Біз Үкіметтің 2027 жылға дейін медицина қызметкерлерінің орташа жалақысын екі есе арттыруын қамтамасыз етеміз» делінген.
2020 жылдан бастап 2023 жылға дейін медицина қызметкерлерінің жалақысы кезең-кезеңімен жыл сайын өсіп келеді. Оның ішінде, дәрігердің жалақысы 30%-ға, орта медицина қызметкерінің жалақысы 20%-ға артты.
Жоғарыда аталған іс-шараларды іске асыру үшін ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына және «ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, Ұлттық денсаулық сақтау палатасы және қызметкерлердің кәсіптік одақтары арасында жасалған» салалық келісімдерге тиісті толықтырулар енгізілді.
Мәселен, жергілікті атқарушы органдардың ақпаратына сәйкес, дәрігерлердің жалақысы 2020 жылы – 254,3 мың теңге (35%), 2021 жылы – 352,2 мың теңге (39%), 2022 жылы – 453,7 мың теңге (29%) болды. , Ал 2023 жылдың 1 тоқсанында 30%-ға өсіп, 589,8 мың теңгені құрады.
Орта медициналық қызметкерлердің жалақысы 2020 жылы – 161,8 мың теңге (38%), 2021 жылы – 211,1 мың теңге (30%), 2022 жылы – 235,9 мың теңге (12%) болды. Ал 2023 жылдың 1 тоқсанында 20%-ға артып, 283 мың теңгені құрады.
Сондай-ақ мәдениет және мұрағат саласында барлық санаттағы қызметкерлердің жалақысын 2027 жылға дейін орташа есеппен 20%-ға арттыру көзделіп отыр.
Мұрағатшылардың орташа айлық жалақысы 2021 жылы – 127 929 теңге, 2022 жылғы қаңтардан бастап – 149 905 теңге және 2023 жылғы қаңтардан бастап 174 882 теңге болды. Соңғы 2 жылда 36 пайызға артса, 2020 жылмен салыстырғанда 71% -ға өсті.
ҚР Президентінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі жолдауында айтылған тапсырмасына сәйкес 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап, түзету коэффициентін қолдану арқылы азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарына еңбекақы төлеуді кезең-кезеңімен арттыру басталды. Нәтижесінде 1 қаңтардан бастап, азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысы 45% -ға өсті.
Ал 2023 жылдың 1 қаңтардан бастап Төтенше жағдай қызметкерлерінің жалақысы 40%-ға артты.