Шымкентте гүлдің ақысын төлемей, сатушыны қорлаған экс-полицей болып шықты (ВИДЕО)

Шымкентте гүлдің ақысын төлемей, сатушыны қорлаған экс-полицей болып шықты (ВИДЕО)

Шымкентте гүлдің ақысын төлемей, сатушыны қорлаған экс-полицей болып шықты (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
50399
Шымкенттегі Romantic гүл дүкенінде болған екі оқиға қоғамда резонанс тудырды. Осыған байланысты полиция екі жайтқа түсінік берді, деп хабарлады turkystan.kz. Бірінші бейнежазбада көрсетілгендей, ақ футболка киген адам үстелден қайшыны алып, гүл сатушыға қарай бет алады. Бұл жайт 8 тамыз күні болған. Аталған жағдайға қатысты полицияға сатушыдан ешқандай арыз түскен жоқ. Құқықбұзушылық әлеуметтік желілерді мониторинг жасау барысында анықталды. Полиция қызметкерлері бұзақыны анықтап, Тұран АПБ-на жеткізді. К. есімді азамат 1990 жылы туған, Түркістан облысының тумасы болып шықты. Шымкент қаласында тұрады. Оның әкесі - 1952 жылы туған зейнеткер. Бәйдібек ауданында тұрады. Ер адам сот қаулысымен ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабына сәйкес «Ұсақ бұзақылық» бойынша 7 тәулікке қамауға алынды. Екінші бейнежазбада басқа 1989 жылы туған Б. есімді азамат бейнеленген. Әкесі жоқ, анасы зейнеткер. Осы жылдың 8 мамырында ер адам флористі қорлап, дүкеннен гүл шоғын алып кеткен. Тұран АПБ-ның 102 арнасына жанжал туралы қоңырау түскен. Оқиға орнына учаскелік инспекторлар барған. Алайда дүкен иесі мән-жайды нақтылау барысында ешкімге шағымы жоғын айтып, арыз жазудан бас тартқан. Бұл жайтқа қатысты Тұран АПБ-да ҚР ҚК-нің 191-бабы 2-бөлігі 1-тармағымен «Жәбiрленушiнiң өмiрiне н/е денсаулығына қауiптi емес күш қолданып тонау» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сондай-ақ істің ақ-қарасын ажырату кезінде қара футболка киген азамат ағымдағы жылдың 19 мамырында отбасылық себептерге байланысты өз өтінішімен ішкі істер органдарынан босатылған Қаратау АПБ-ның бұрынғы қызметкері екені анықталды.

Серіктес жаңалықтары