АҚШ түрмесінде отырған Диас Қадырбаев бар шындықты айтты (ВИДЕО)

АҚШ түрмесінде отырған Диас Қадырбаев бар шындықты айтты (ВИДЕО)

АҚШ түрмесінде отырған Диас Қадырбаев бар шындықты айтты (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
51126
АҚШ-тың Бостон қаласындағы жарылысқа байланысты 6 жылға сотталған Диас Қадырбаев 2018 жылдың күзінде Қазақстанға оралған, деп хабарлады turkystan.kz. Содан бері 5 жылға жуық уақыт өтсе де Диас Қадырбаев ешқандай БАҚ-қа, не болмаса подкасттарға сұхбат бермеген. Жақында  YouTube арнасындағы Қанат Бейсекеевтің «Замандас» подкасына қонақ болған ол басынан өткен оқиғаларды баяндап берді, деп жазды aikyn.kz. Диас Қадырбаев түрмеде отырған сәттерін қорқынышты түске теңеді.
«Түрмеге түстім. Мені 6 адам жетектеп барып камераға қамады. Жолай түрмеде жатқан басқа қылмыскерлер, қылмыс жасады деген күдіктілер «USA, USA, USA!» деп айқайлап қарсы алды. Олар мені Бостон террактісіне қатысым бар деп есептеп, наразылық білдірген түрлері болды.  Кейін білгенімдей, мені қамаған бөлме карцер екен. Аумағы 2х3 метр ғана, жоғарыда кішкентай терезе болды, оның шынысын бұлыңғыр пленкамен қаптап қойған екен. Даланың тек жарық не түн екенін ғана бағамдауға болады. Алғашқы екі апта мен үшін ауыр өтті. Қорқынышты, елеске толы түс көрдім. Еңіреп жылаған кездерім де болды. Көктем болғандықтан, камера суық болды. Ішінде темірден жасалған кереует, әжетхана, су ағызатын кран ғана бар. Темір есіктің төменгі жағында тамақ беруге арналған кішкентай саңылау ғана болды. Міне, осындай жағдайы бар камерада 2 жылдан астам уақыт өткіздім», – деді АҚШ түрмесінде жазасын өтеп келген Диас Қадырбаев.
https://www.youtube.com/watch?v=tA0lDlE2PWc&t=1s&ab_channel=kanabeisekeyev  

Серіктес жаңалықтары