Астанада 6 жасар бала 9-қабаттан құлап, көз жұмды

Астанада 6 жасар бала 9-қабаттан құлап, көз жұмды

Астанада 6 жасар бала 9-қабаттан құлап, көз жұмды
ашық дереккөзі
50199

Астанада 9-қабаттың терезесінен 6 жасар бала құлап кетті, деп хабарлады turkystan.kz.

Қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 9 тамызда болған.
«Алған жарақаттарынан алты жасар бала сол жерде қайтыс болды. Бұл факт бойынша тексеру жүргізіледі. Сараптама жасалады, - деді ведомстводан.
Полиция ата-аналарға үйдегі сақтық шараларын күшейтуді айтып, дабыл қағып жатыр.
«Балаңыз үйде болса, терезелерді ашық ұстамаңыз. Ешқашан москит торларына сенбеңіз, балалар оған сүйенем деп, москит тормен бірге құлап кетеді. Балаңыз терезені өздігінен аша алмауы үшін терезелерге арнайы қорғаныс жүйелерін: құлыптар, блокаторлар орнатыңыз», - деді полициядан.

Серіктес жаңалықтары