50325
Алматыдан 359 шақырым қашықтықта жер сілкінді
Алматыдан 359 шақырым қашықтықта жер сілкінді

Алматыдан 359 шақырым қашықтықта 4,2 магнитудалық жер сілкінісі болды, деп хабарлады turkystan.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі 9 тамыз сағат 18.35-те жер сілкінісін тіркеді.
Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 359 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан.
Жерасты дүмпуінің энергетикалық санаты – 10.1.
MPV магнитудасы – 4.2.
Тереңдігі – 15 шақырым.