50290
Орал тұрғыны үйінде ағаштың бойымен бірдей қарасора өсірген
Орал тұрғыны үйінде ағаштың бойымен бірдей қарасора өсірген

Орал тұрғыны үйінде ағаштың бойымен бірдей қарасора өсірген, деп хабарлады turkystan.kz.
ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, 4 тамыз күні Есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Қарасора» жедел профилактикалық іс-шара жүргізу барысында қала жанындағы Коминтерн ауданында 1990 жылы туған тұрғынның үйінің ауласынан 60 түп қара-жасыл түсті, қарасораға ұқсас, өсіріп-баптау іздері бар өсімдіктер табылып, тәркіленді.
Табылған өсімдіктер сараптамаға жолданды.
Айта кету керек, кейбір бұталар ағаштың бойымен биік өскен.
ҚР ҚК 300-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.