50276
Шымкентте жаяу жүргіншіні қағып өлтірген полиция қызметкері қамауға алынды
Шымкентте жаяу жүргіншіні қағып өлтірген полиция қызметкері қамауға алынды

Шымкентте екі жаяу жүргіншіні қаққан полиция қызметкері қамауға алынды, деп хабарлады turkystan.kz.
Еске салсақ, 3 тамыз күні Байтұрсынов көшесінің бойында Тұран АПБ-ның жүргізуші-полицейі жаяу жүргіншілер өткелінде екі адамды қағып, жол апатын жасады. Салдарынан анасы мен қызы әртүрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.
ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, 7 тамыз күні әйел жансақтау бөлімінде есін жимастан қайтыс болған. Қазір жол-көлік оқиғасына қатысты ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Сондай-ақ қызметтік тексеру нәтижесінде тәртіп сақшысы ішкі істер органдарынан босатылғаны хабарланды.
Қазір ол УҰИ-ға қамалды. Қылмыстық іс материалдары айыптау актісімен бірге сотқа жолданады. Айта кетейік, тергеу барысы Полиция департаментінің бастығы Қайрат Далбековтің қатаң бақылауында.