50281
Қарағандыда шахта жұмысшысы үйінді астында қалған
Қарағандыда шахта жұмысшысы үйінді астында қалған

«Шахтинск» шахтасында төтенше жағдай болды. Бұрғылау жұмыстарын жүргізу кезінде бір жұмысшы тау-кен үйіндісінің астында қалып қойды. Зардап шеккен кенші ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады turkystan.kz.
Оқиға 6 тамыз күні таңертең «Шахтинск» шахтасында болды. 34 жастағы жұмысшы бұрғылау жұмыстарын жүргізу кезінде тау массасының астында қалып қойған.
«6 тамызда «Шахтинск» шахтасында зәкірді бұрғылау кезінде кенжардың жоғары бөлігінен тау-кен массасының шоғыры опырылып, құлаған. Салдарынан үңгуші жарақат алды», – делінген компания мәлімдемесінде.УПР-1 учаскесінің қызметкерлері үңгушіге алғашқы медициналық көмек көрсетіп, бірден оны шахтаның бетіне шығарған. Содан кейін реанимациялық-шокқа қарсы топ бригадасы зардап шеккен кеншіні Қарағанды қаласындағы Х.Мақажанов атындағы клиникаға жеткізді.
«Қазіргі уақытта іс тергеліп жатыр», – деп толықтырды «АрселорМиттал Теміртау» АҚ.