Арыстағы атыс: қайтыс болған жігіттің бірі қылмыс әлемінің серкесі болған – журналист

Арыстағы атыс: қайтыс болған жігіттің бірі қылмыс әлемінің серкесі болған – журналист

Арыстағы атыс: қайтыс болған жігіттің бірі қылмыс әлемінің серкесі болған – журналист
ашық дереккөзі
51095
Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі 5 тамызда екі белгісіз адам Арыс қаласында салынып жатқан үйдің аумағына кіріп, белгісіз қарудан оқ атып, қашып кеткенін мәлімдеген болатын. Журналист Михаил Козачков Telegram арнасында бұл криминалды топтар арасындағы кек алу операциясы екенін жазды, деп хабарлады turkystan.kz. Журналистің айтуынша, қаза тапқандардың бірі – «Черный Алмас» лақап атымен танымал қылмыс әлемінің серкесі. Ал екіншісі оның серігі болған. Қазір оқ атқан екі күдіктінің бірі анықталып, іздеу жұмыстары жүріп жатыр. Екеуінің бірінде «Сайга», екіншісінде винчестер болған.
«Олар аулаға кіріп оқ жаудырған. Алмас Жолдасов пен Жандәулет Қабыловты басынан тағы атқан. Күдіктілер осы екеуін өлтіру мақсатымен келген. Осыдан кейін оқ атқандар қашып кеткенімен, жолда мотоциклдері бұзылып қалған. Одан кейін екеуі техникасын көпірдің астында тастап, ары қарай қашып кеткен. Басқа да заттары сол жерде қалған. Екі шлемнің бірінен 19 жастағы Бауыржан Тулептің саусақ ізі табылды. Қазір оны іздеу жұмыстары жүріп жатыр» деп жазды ол.
Журналистің пікірінше, жантүршігерлік қылмысқа араларындағы бұрынғы жанжал себеп болған.
«Бір жыл бұрын Арыста жергілікті кәсіпкердің ұлы кісі қолынан қаза тапты. Кәсіпкердің бауыры -  ертеректе «Рыжий Алмаздың» қылмыстық тобында мүше болған қылмыс әлемінің өкілі. Жас жігіттің өліміне осы Черный Алмас адамдарының қатысы бар екені айтылды. Жәбірленушілер әділ сотқа сенбеген болса керек, бұл істі мотоциклді екі жігітке сеніп тапсырған» деп жазды журналист.
Бұған дейін үй салып жатқан төрт ер адамды мотоцикл мінген екі жігіт атып кеткенін жазған болатынбыз.      

Серіктес жаңалықтары