Арыста үй салып жатқан екі адамды белгісіз біреулер атып кетті

Арыста үй салып жатқан екі адамды белгісіз біреулер атып кетті

Арыста үй салып жатқан екі адамды белгісіз біреулер атып кетті
ашық дереккөзі
50545
Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі 5 тамызда екі белгісіз адам Арыс қаласында салынып жатқан үйдің аумағына кіріп, белгісіз қарудан оқ атып, қашып кеткенін мәлімдеді, деп хабарлады turkystan.kz. Үйдің иесі және оған құрылыста көмектескен танысы алған жарақаттарынан көз жұмды. Сондай-ақ құрылысқа көмектескен екі ер адам оқ жарақатын алды. Олар ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. «Ұстап алу» жоспары қабылданды. Күдіктілердің жеке басын анықтау мен оларды ұстау бойынша қажетті іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Болған оқиғаның барлық жағдайы анықталуда. Тергеу барысы Түркістан облысы Полиция департаменті басшылығының жіті бақылауында. ҚР ҚПК-нің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілмейді.            

Серіктес жаңалықтары