Алаңның түрі мынау: балақай видео арқылы жанайқайын жеткізді

Алаңның түрі мынау: балақай видео арқылы жанайқайын жеткізді

Алаңның түрі мынау: балақай видео арқылы жанайқайын жеткізді
ашық дереккөзі
50627
Әлеуметтік желіде кішкентай баланың ауылда түсірілген видеосы тарады, деп хабарлады turkystan.kz. Бала бейнежазба арқылы ауылда ойын алаңы жоқ екенін жеткізген. Осыған орай, шенеуніктерден қолдау күтетінін айтады. Оның айтуынша, қалаға барып ойнауға жол алыс әрі қауіпті.
«Сәлеметсіздер ме, ел басқарушы ағалар... Жаз өтіп бара жатыр. Ойнайтын бір алаң жоқ. Жүрміз, алаңның түрі мынау. Мынадай жерлерде жабайы ойнаймыз. Қалаға барғымыз келеді. Қалаға анау жақтан 2 шақырым жүреміз. Өте қауіпті. Жолдан өтеміз. Көліктер қатты жүреді. Әркімнің ата-анасы достарымызбен барғымыз келсе, жібермейді. Ойнайтын жеріміз мынау, шаңға бүркіп келеміз. Міне, осындай жерде. Сондықтан ел басқарған ағалар, мен өскенде Президент болғым келеді. Мен Президент болғанша, қолдағандарыңызды қалаймын», - дейді балақай.
Жазбада оның Еңбекші ауылының тұрғыны екені айтылған.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от KRIS_P_TALGAR (@kris_p_talgar)

Серіктес жаңалықтары