Атырауда бүлдіршін балабақшадан жарақатпен оралған

Атырауда бүлдіршін балабақшадан жарақатпен оралған

Атырауда бүлдіршін балабақшадан жарақатпен оралған
ашық дереккөзі
50265
Facebook желісінде Атыраудағы балабақшада бүлдіршіндердің бірі соққыға жығылғаны жөнінде жазба жарияланды,деп хабарлады turkystan.kz AtyrauPress-ке сілтеме жасап. Жазба иесі Гүлдей Бисекенқызы баласының қатты зақым алғанын айтады.
«Балам Зульқорнайн  кеше, яғни, 4 тамызда Латиф Хамиди, 8 мекенжайы бойынша орналасқан «Зейнеп-Амина және балапандар» балабақшасынан зақыммен келді. Үйге келіп киімін шешкен кезде жүрегім ұшып кетті. Директор бізге камера бар екенін ескерткен еді. Бірақ бұл жолы камераның жасамай қалғанын сылтауратып отыр. Баламның күтушісі оны тек жақсы көргеннен сипағанын айтады. Ал директор тәрбиешіге шаң жуытпай, бәрін күтушіге жапқандай болды. Бұған дейін де осындай жағдай болған кезде ата-аналар полициямен бірге барып жасырып қойған камераны тауып алыпты. Ешкім де ештеңені мойындағысы келмейді», - деп ашынады ол.
Аталған жайтқа орай Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев те пікір білдірді.
«Атыраудағы «Зейнеп-Амина» балабақшасындағы жағдайға байланысты мәселенің тиісті орындар бақылауында екенін айтқым келеді. Қазір жағдайды жан-жақты зерделеу бойынша Атырау облыстық Білім беру басқармасы, Атырау қалалық білім бөліміне тапсырмалар бердім. Бала құқығы және қауіпсіздігі басты назарда. Сондықтан баламен жұмыс істейтін кез келген орталық ең алдымен жауапкершілікті сезінуі тиіс», - деді ол.
Ал аталған балабақша әкімшілігі мәселенің қатаң бақылауға алынғанын жеткізді.
«Халық игілігі үшін жұмыс істеп отырған балабақшамыз. Бізге әр баланың қауіпсіздігі мен алып жатқан білімі, тәрбиесі маңызды. Оған ата-аналар куә. Әлеуметтік желіде айтылып жатқан мәселе бойынша міндетті түрде тексеріп, тиісті шешімін табамыз. Кінәлі адамдар заң шеңберінде жауап береді. Білім бөлімі мен және құзырлы органдармен бірлесе отырып жағдайды қатаң бақылауда ұстайтын боламыз. Қазір әлеуметтік желіде бір адамды қаралап бір видео не фото жүктесе, барлық халық даттай кетуге әзір», - делінген балабақша әкімшілігі таратқан хабарламада.
       

Серіктес жаңалықтары