«Өтірік айтпаңыз»: блогер министр Бағдат Мусинге шүйлікті

«Өтірік айтпаңыз»: блогер министр Бағдат Мусинге шүйлікті

«Өтірік айтпаңыз»: блогер министр Бағдат Мусинге шүйлікті
ашық дереккөзі
50357
Әлеуметтік желіде танымал блогер Алексей Лодочников Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің интернет сапасына қатысты сөзі шындыққа жанаспайтынын айтты, деп хабарлады turkystan.kz. Ол Instagram-дағы парақшасында елорда тұрғындарының көңіл күйіне әсер ететін біріншіден климат болса, екіншісі сапасыз интернет екенін жеткізді.
«Бағдат Мусин, сөзіңізді тыңдасам, біздегі интернет сапасының жақсы екенін айтасыз. Ал астаналықтардың бәрі интернет сапасына наразы. Мұны мойындайтын кез келді. Интернет өте жылдам болатындай сіздің үйіңіздің қай жақта орналасқанын білмеймін», – деді блогер.
Оның айтуынша, министрдің интернет сапасы Токиодан асып кетті деген сөзі шындыққа сай емес.
«Астанада көптеген тұрғын үй кешенінде тұрдым. Барлық жерде интернет нашар... Өтірік айтуды доғарыңыз. Сіз біздегі интернет сапасы Токиодан асып кетті дегенде, бұл сөзіңізге өзіңіз де сенген жоқсыз. Бұл көрініп тұрды. Өйткені сізге мұны қағазға жазып әкеліп берді. Министр ретінде барлық ақпаратты тексеруге кеңес беремін. Токиода достарым бар, олар Қазақстанда да тұрған. Сіздің сөзіңізді естігенде, әбден күлді», – дейді Алексей.
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Алексей Лодочников (Әлеке) (@lodochnikov_official_page)

Серіктес жаңалықтары