Семей орманы тағы өртенді

Семей орманы тағы өртенді

Семей орманы тағы өртенді
ашық дереккөзі
50255
Семей орманы резерватының аумағынан өрт шықты. Орман өрті 4 тамыз күні сағат 14.39-да Долон филиалы Байдәулет орманшылығының 7,8 кварталынан басталған, деп хабарлады turkystan.kz. Экология министрлігінің мәліметінше, оны сөндіруге 66 адам (36 орман күзеті, 30 ТЖД қызметкері) және 24 техника, оның ішінде 1 тікұшақ жұмылдырылған. Өрттің болжамды аумағы - 27 гектар. Қазір  өрттің таралуы тоқтатылды, толықтай сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Төтенше жағдайлар министрлігі өртті жедел сөндіру мақсатында Абай облысы ТЖД күш-құралдары дереу оқиға орнына жіберілгенін хабарлады. Әуеден барлау және су төгу құрылғысын пайдалана отырып, Қазавиақұтқару және Қорғаныс министрлігінің тікұшақтары жұмылдырылған. Қазіргі уақытта ТЖМ мен орман шаруашылығының тартылған күш-құралдарының саны - шамамен 130 адам және 25 техника. Астана қаласы мен Қарағанды облысынан күш-құралдары өрт орнына қосымша жіберіледі.  

Серіктес жаңалықтары