545
Жамбыл облысындағы өрт оқшауланды
Жамбыл облысындағы өрт оқшауланды

Жамбыл облысындағы өрттен елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ, деп хабарлады turkystan.kz Azattyq Ruhy сайтына сілтеме жасап.
Өрттен ешкім зардап шекпеген.
«Жұмылдырылған ТЖМ бөлімшелерінің және жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдарының бірлескен әрекетінің арқасында Жамбыл облысының таулы аймағындағы құрғақ шөп өрті бүгін сағат 13.50-де оқшауланды», - деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.Еске сала кетейік, сөндіру жұмыстары басталғалы Қазавиаорманкүзетінің авиациясы өрт ошақтарына әуеден 18 рет 27-ге жуық тонна су төкті. Қазавиаорманкүзеті авиациясымен қатар, өртті сөндіруге ТЖМ тікұшағы да жұмылдырылды.