Түркістан облысында із-түзсіз кеткен әйел жайлы тың дерек шықты

Түркістан облысында із-түзсіз кеткен әйел жайлы тың дерек шықты

Түркістан облысында із-түзсіз кеткен әйел жайлы тың дерек шықты
ашық дереккөзі
50328
Түркістан облысында жоғалған әйелге қатысты жаңа деректер пайда болды, деп хабарлады turkystan.kz. ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, жоғалған Г.Нарджигитованың туыстарынан сұрау барысында оның құны 1 млн теңгеден асатын алтын бұйымдарды сатуға шыққаны анықталды. Содан әйелдің 1 тәуліктен астам хабар-ошарсыз жоғалғаны күмән туғызды. Сотқа дейінгі тергеу басталып, жедел-тергеу тобы құрылды. Жоғалған әйелді іздеу шараларына облыс полицейлері жұмылдырылды. Оның ішінде Мақтаарал АПБ-ның барша жеке құрамы, көрші полиция бөлімдерінің қызметкерлері мен жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың жеке құрамы бар.
«Егер сізде жоғалған Гүлсім Нарджигитова туралы қандай да бір ақпарат болса, Мақтаарал АПБ-ға 8-725-41-21-2-02, 8-747-541-62-56 немесе 102 телефондарына хабар беруіңізді сұраймыз. Бұл факті Түркістан облысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында», - деді полициядан.
           

Серіктес жаңалықтары