Ауылда неге педофил көбейді? – Психолог жауап берді

Ауылда неге педофил көбейді? – Психолог жауап берді

Ауылда неге педофил көбейді? – Психолог жауап берді
ашық дереккөзі
50327
Психолог Ержан Мырзабаев журналист Әйгерім Сейфоллаға берген сұхбатында неге педофилдер ауылдық жерлерден көп шығып жатқанын түсіндірді, деп хабарлады turkystan.kz. Оның айтуынша, қазір балалардың жыныстық сауаттылығы төмен және ата-ананың айтқанына көне беретін, қарсы шықпайтын бала сыртта педофилдерге оңай құрбан болады.
«Педофилдерге байланысты проблемалдардың көбі ауылда шығып жатыр. Кеше ғана Түркістанда болған жағдай, ол да ауыл. Қаланың ортасы емес, көршісі, қасындағы адам болды. Бірнеше жыл бұрын қоғамды дүр сілкіндірген  Абайдағы 11-сыныптың балдары жылдар бойы 7-сыныптың балдарын зорлап келген оқиға. Ол да ауыл. Ауыл деген кезде қасиетті, күшті ұғым ретінде елестетеміз. Бірақ шындыққа тура қарау керек», - дейді психолог.
Маман педофилдерге құрбан болып жатқан балалар саны жағынан қаладағы статистика ауылдағыдан аз екенін айтады. Өйткені, қаладағы адамдар бөтен адам деп қарап, бір-бірімен көп байланыса бермейді.
«Көп жерлерде камера бар. Үшіншісі, әркімнің қолында телефоны бар. Төртіншісі, біреумен кетіп бара жатса, назар аударып қарайтын адамдар бар. Барлық жерде полиция бар. Қайта қалада бұл азырақ болып жатыр. Ал, ауылда камера жоқ, телефон жоқ, бәрі бір-біріне таныс, туыс, бәрі бір-бірімен еріп кетіп жүре береді. Ешкім ешкімге айта алмайды. Проблема болса да, айта алмайды. Ертең бір-біріміздің бетімізге қалай қараймыз дейді. Ауылда қазір проблема көп. Бала тәрбиесіне сауаттың төменділігі - ауылда», - дейді ол.
     

Серіктес жаңалықтары