Оралда 39 жастағы ер адам өз анасын өлтірді

Оралда 39 жастағы ер адам өз анасын өлтірді

Оралда 39 жастағы ер адам өз анасын өлтірді
ашық дереккөзі
50323
Оралда 39 жастағы ер адам өз анасын өлтірді, деп хабарлады turkystan.kz. 3 тамыз күні түскі сағат 12:56 шамасында БҚО ПД кезекші бөліміне Школьная көшесінде орналасқан пәтердің есік алдында үй иесінің денесінің жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына жедел түрде полиция қызметкерлері барып, 60 жастағы әйел адамның мәйітін тапты. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ізін суытпай осы іске күдікті ретінде 1984 жылғы азамат анықталып, ұсталды.
«Күдікті марқұмның психоневрологиялық мекемеде есепте тұрған ұлы екені анықталды. Оқиғаның болжамды себебі отбасылық-тұрмыстық жанжал негізінде болған. Күдікті ұсталып, УҰИ-ға қамауға алынды», - деп хабарлады полициядан.
ҚР ҚК 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Серіктес жаңалықтары