Каспий теңізі жағалауынан 36 жастағы ер адамның денесі табылды

Каспий теңізі жағалауынан 36 жастағы ер адамның денесі табылды

Каспий теңізі жағалауынан 36 жастағы ер адамның денесі табылды
ашық дереккөзі
50404
Каспий теңізі жағалауында жоғалып кеткен 36 жастағы ер адам бірнеше күн бойына іздестірілді. 1 тамызда оның денесін балықшылар тауып алды, деп хабарлады turkystan.kz. Іздестіру-құтқару жұмыстарына аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің, аудан, ауыл әкімдігінің қызметкерлері және ерікті жастар, ауыл тұрғындары мен балықшылар және із-түзсіз жоғалған азаматтың туыстары да жұмылдырылды.
«30 шілдеден бастап Құрық ауылынан 7 шақырымдағы Каспий теңізінің жағалауында ТЖД-ның жедел-құтқару жасағының күшімен балық аулау кезінде жоғалып кеткен 1987 жылы туған азаматты іздеу жұмыстары жүргізілді. Ер адамның мәйітін 1 тамызда сағат 11:50 шамасында жергілікті балықшылар тауып алды», - дейді «Лада» басылымы Маңғыстау облысы ТЖД-ға сілтеме жасап.
Бұған дейін Маңғыстаудың бес тұрғыны 29 шілдеде Қарақия ауданындағы Құрық ауылына балық аулауға аттанғаны хабарланған болатын. Таңертең ер адамдардың біреуі жоқ екені анықталды. Сонымен бірге оның заттары жағалауда жатқан.

Серіктес жаңалықтары