Түркістан облысында 11 жастағы бала зираттағы көктастарды бояп тастаған

Түркістан облысында 11 жастағы бала зираттағы көктастарды бояп тастаған

Түркістан облысында 11 жастағы бала зираттағы көктастарды бояп тастаған
ашық дереккөзі
50317
Түркістан облысының тұрғыны өз бейнежазбасында мазараттағы адамдар бейнесі бейнеленген көктасты белгісіз біреу сызып, бояп тастағанын жеткізді, деп хабарлады turkystan.kz. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 294-бабы 1-бөлігі бойынша тіркеліп, тергеу амалдары басталды. Полиция теріс қылықты жасаған 11 жастағы кентаулық жасөспірім екені анықталғанын хабарлады. Белгілі болғандай, жасөспірімнің үйі мазарат маңында орналасқан. Үйінен ойнап шыққан бала мазараттан көк түсті бояу тауып алып, бірқатар жерленген адамдардың көктасын, олардың қоршауын бояп шыққан. Ал әкесі ұлының балалықпен жасаған іс-әрекетіне өкініп, кешірім сұрады. Қазір оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр.

Серіктес жаңалықтары