Ақкенттегі өрттен бір әйел қайтыс болды

Ақкенттегі өрттен бір әйел қайтыс болды

Ақкенттегі өрттен бір әйел қайтыс болды
ашық дереккөзі
50454
Алматының Ақкент шағынауданындағы көпқабатты үйден шыққан өрт салдарынан бір әйел қайтыс болды. Бұл туралы Алматы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан мәлімдеді, деп хабарлады turkystan.kz. Ведомствоның мәліметі бойынша, өрттен 43 адам зардап шеккен. 4 бала жансақтау бөлімінде жатыр, тағы төртеуі медициналық көмектен кейін амбулаторлық емдеуге жіберілді. Үш баланың ата-анасы ауруханаға жатқызудан бас тартқан.
«12 ересек қалалық көпбейінді ауруханаларға жеткізілді. Соның ішінде 5 адам ауруханаға жатқызылды. Басқалары қажетті жедел медициналық көмек берілгеннен кейін амбулаторлық бақылауға жіберілді. Өрттен зардап шеккен адамдардың жағдайы тұрақты. Бір әйел көптеген жарақаттан қайтыс болды», - деп жазылған хабарламада.
 

Серіктес жаңалықтары