Қытайлық теннисші АҚШ-тағы турнирде есінен танып қалды

Қытайлық теннисші АҚШ-тағы турнирде есінен танып қалды

Қытайлық теннисші АҚШ-тағы турнирде есінен танып қалды
ашық дереккөзі

Қытайлық теннисші У Ибин Вашингтондағы АТР 500 турнирінің кезекті ойыны кезінде есінен танып, құлап қалды, деп хабарлады turkystan.kz.  Алғашқы айналымда У Ибин жапониялық Есуке Ватанукимен кездесті. Қытайлық теннисші бірінші сетте 4:1 есебімен жеңіп жатқан. Кенет спортшы орындығына бара жатқан кезде талып қалды. Бұл оқиғадан соң корттағы қызметкерлер теннисшіге көмекке келді. Бірақ Ибин ойынды ары қарай жалғастыра алмады. Осылайша келесі кезеңге Ватануки жолдама алды. Айта кетейік, 23 жастағы спортшының жағдайы ойыннан кейін жақсарғаны белгілі болды.