Балаларды жұлқылаған тәрбиешінің әрекеті видеоға түсіп қалды

Балаларды жұлқылаған тәрбиешінің әрекеті видеоға түсіп қалды

Балаларды жұлқылаған тәрбиешінің әрекеті видеоға түсіп қалды
ашық дереккөзі

Желіде Шығыс Қазақстан облысындағы балалар үйінің бейнебақылау камералары түсірген видео тарады, деп хабарлады turkystan.kz.  Бейнетаспадан мекеме қызметкерінің балаларға дөрекі сөйлеп, оларды жұлқылағанын, бесікте жатқан сәбиге көрпе лақтырғанын көруге болады. Облыстық Полиция департаменті осы оқиғадан кейін аталған мекемеге тәртіп сақшылары хабарласып, жауап алғанын мәлімдеді. «Бұл дерек белгіленген тәртіппен тіркелді. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Істің  мән-жайы анықталуда», - деп хабарлады ШҚО Полиция департаменті.