Ақмола облысында мемлекетаралық іздеуде жүрген қылмыскерлер ұсталды

Ақмола облысында мемлекетаралық іздеуде жүрген қылмыскерлер ұсталды

Ақмола облысында мемлекетаралық іздеуде жүрген қылмыскерлер ұсталды
ашық дереккөзі
50409
Ақмола облысының аумағында мемлекетаралық іздеуде жүрген 3 қылмыскер ұсталды. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлімдеді, деп хабарлады turkystan.kz. Ресми ақпаратқа сәйкес, қылмыскерлердің біріне Ресейдің Челябі облысының тәртіп сақшылары РФ Қылмыстық кодексі 322-бабының 2-бөлігі «Ресей Федерациясының Мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өту» бойынша қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін іздеу жариялаған. Оны полиция қызметкерлері Көкшетау қаласының аумағынан ұстады. Ал екінші қылмыскер, Ақмола облысының тумасын тәртіп сақшылары жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Жарқайың ауданының аумағынан тапты.
«Ұсталған адам бұрын денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін сотталған (ҚР ҚК 106-бабы 1-бөлігі). Сот қаулысына сәйкес ол қалған мерзімге шартты түрде мерзімінен бұрын босатылды, алайда тұрғылықты жері бойынша белгіленуге келмей, Астана қаласына кетіп қалғандықтан, іздеу жарияланды. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деді ведомстводан.
Сондай-ақ Степногор қаласы аумағында ҚР Қылмыстық кодексі 190-бабының 3-бөлігі «алаяқтық» бойынша мемлекетаралық іздеуде жүрген қылмыскер қолға түсті.  

Серіктес жаңалықтары