«Министрдің тапсырмасы бойынша, осы бағыттағы жұмыс күшейтілетін болады. Бүгінде Мәдениет және спорт министрлігінің қатысуымен ойын бизнесі және лотерея қызметі саласындағы заңнамаға 62 түзетуді, сондай-ақ ілеспе нормативтік-құқықтық актілерді көздейтін 3 заң жобасы әзірленді. Сондай-ақ, біз ойын бизнесінің жарнамасымен күресу үшін заңнамалық деңгейде түзетулерге бастамашы боламыз», - деді Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.
Елімізде 3 букмекерлік кеңсенің лицензиясы сот тәртібімен жойылады

Елімізде 3 букмекерлік кеңсенің лицензиясы сот тәртібімен жойылады
Мәдениет және спорт министрлігі 3 букмекерлік кеңсенің лицензиясын сот тәртібімен жою бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Бұл туралы министр Асхат Оралов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлады turkystan.kz.
Жыл басынан бері заңнаманы бұзған 5 букмекерлік кеңсенің қызметі тоқтатылды.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстандағы букмекерлік кеңселер саны 2 еседен астам қысқарды. Егер 2021 жылдың басында елде 38 букмекерлік кеңсе жұмыс істесе, бүгінде олардың саны - 16. Ал оның ішінде іс жүзінде жұмыс істейтіндері – 12.
Букмекерлік кеңселердің санын азайту үшін Мәдениет және спорт министрлігі түсіндіру жұмысын жүргізіп жатыр. Мысалы, соңғы 3 жылда букмекерлік кеңселер 15 лицензияны өз еркімен тапсырған.