QazAstroShift алғашқы зымыран құрастыру республикалық турнирінің финалы өтті

QazAstroShift алғашқы зымыран құрастыру республикалық турнирінің финалы өтті

QazAstroShift алғашқы зымыран құрастыру республикалық турнирінің финалы өтті
ашық дереккөзі
50383
Елордада жоғары сынып оқушылары арасында QazAstroShift алғашқы зымыран құрастыру республикалық турнирінің финалы өтті. Еліміздің түкпір-түкпірінен үш онлайн кезеңнен өткен және үздік нәтижелер көрсеткен жас инженерлер өз зымырандарын ұшыру үшін «Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұлттық ғарыш орталығында жиналады.  width= Турнир жеңімпаздары AITU және ҚБТУ-да оқу гранттарын, Ұлттық ғарыш орталығында тағылымдамадан өту мүмкіндігін және құнды сыйлықтарды жеңіп алады.  width= Іс-шарада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, NASA халықаралық байқауының жеңімпазы Абильбек Райымбек және басқа да құрметті қонақтар сөз сөйлейді. Турнирдің жеңімпаздарын әділқазылар алқасы 27 шілде күні хабарлайды.  width= Турнирдің демеушілері: Fortebank, ЮНЕСКО істері жөніндегі ҚР Ұлттық комиссиясы, Марвин, USTEM Robotics, РФММ, Mergen Media, EPAM Kazakhstan, AITU, ҚБТУ.

Фото: Радмир Фахрутдинов

Серіктес жаңалықтары