50326
Сұлтан Заурбектің бүгінгі жекпе-жегі отандық телеарнадан көрсетіледі
Сұлтан Заурбектің бүгінгі жекпе-жегі отандық телеарнадан көрсетіледі

Бүгін, 21 шілдеде қазақстандық боксшы, екінші жартылай жеңіл салмақтағы WBO нұсқасы бойынша Еуропа чемпионы Сұлтан Заурбек (14-0, 10 КО) келесі жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлады turkystan.kz.
Ол Эдинбургте (Шотландия) рингке шығып, жеңіліс көрмеген испаниялық Джон Картермен (15-0-1, 7 КО) жұдырықтасады.
Жекпе-жекті Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Басталуы Астана уақытымен сағат 23:30-да.
Сұлтан Заурбек өзінің алдыңғы жекпе-жегін осы жылдың наурыз айында өткізген болатын. Ол Болтонда аргентиналық Факундо Арсені (15-9-2, 7 КО) бесінші раундта нокаутқа түсірді.