50303
Ақмола тұрғыны үйінде 6 келіден астам есірткі сақтаған
Ақмола тұрғыны үйінде 6 келіден астам есірткі сақтаған

Ақмола тұрғынынан 6 келіден астам есірткі тәркіленді, деп хабарлады turkystan.kz.
Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, шілде айының басында «Қарасора-2023» ЖПІШ өткізу кезінде облыс орталығының 45 жастағы тұрғыны ұсталды. Оның пәтерін тінту барысында салмағы 6 кг 324 гр кептірілген марихуанасы бар 24 түйін және салмағы 17 гр екі гашиш түйіні тәркіленді.
Сонымен қатар тінту кезінде диванның астынан салмағы 2 келіден асатын қарасора тұқымдары бар майонез шелектері табылды.
Ұсталған адамның айтуынша, ол есірткіні жеке пайдалану үшін сақтаған.
ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлігі «Ірі мөлшерде есірткі құралдарын заңсыз сақтау» бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды. Ұсталған адамға 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру қаупі төніп тұр.