«Табиғат апаты салдарынан болған орны толмас қайғыға ортақтасып, Сізге және жақындарынан айырылған азаматтарға Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтамын. Зардап шеккен жандардың тез арада сауығуын, із-түзсіз жоғалған азаматтардың отбасыларына оралуын тілеймін», – деп жазылған жеделхатта.
Президент Оңтүстік Кореяның президентіне көңіл айтты

Президент Оңтүстік Кореяның президентіне көңіл айтты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасының президенті Юн Сок Ёльге көңіл айтты, деп хабарлады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқыны мен лай көшкіні салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Корея Республикасының президенті Юн Сок Ёльге көңіл айту жеделхатын жолдады.