Мәжіліс депутаты Шахтинск ЖЭО-дағы бейберекетсіздік туралы айтты

Мәжіліс депутаты Шахтинск ЖЭО-дағы бейберекетсіздік туралы айтты

Мәжіліс депутаты Шахтинск ЖЭО-дағы бейберекетсіздік туралы айтты
ашық дереккөзі
50347
Мәжіліс депутаттары, «AMANAT» фракциясы мүшелерінің өңірлерге сапары жалғасуда. Халық қалаулысы Бауржан Смағұлов Қарағанды облысының Шахтинск қаласында болып, «Шахтинстеплоэнерго» ЖШС-ға тиесілі жергілікті жылу электр орталығына барды. Сапар барысында халық қалаулысы жылу электр орталығындағы бірқатар мәселені анықтады. Оны уақытылы шешпеген жағдайда, қала тұрғындары қыста жылусыз қалады. Биыл мамырда 1-ші, 3-ші және 4-ші қазандықтарды жөндеу жұмысы басталды. Бұл жұмыс 15 қыркүйекте аяқталуы тиіс.  width=
«Мердігер «Идиго принт» ЖШС-ның қызметіне қатысты көп сұрақ туындап отыр. Жөндеу жұмысын небары 4 адам жасап жатыр. Бұл – жеткіліксіз. Компанияның тек қарапайым қазандықтарды жөндеу тәжірибесі бар. Ал мұндағы жұмыс ауқымы едәуір үлкен. Тағы бір маңызды мәселе – ЖЭО шатырының апаттық жағдайы. Жабдықтар ұзақ уақыттан бері жаңартылмай келді. Жылу желілерінде тек гидравликалық сынақтар жүргізілді. Бір сөзбен айтқанда, мұнда бейберекетсіздік белең алып отыр», – деді Бауржан Смағұлов.
Депутат ЖЭО-ны жаңғырту мәселесін өз бақылауына алатынын мәлімдеді.  width=            

Серіктес жаңалықтары