Астанада «Сенің Олимпиадалық оқулығың» атты жинақтың тұсаукесері өтті

Астанада «Сенің Олимпиадалық оқулығың» атты жинақтың тұсаукесері өтті

Астанада «Сенің Олимпиадалық оқулығың» атты жинақтың тұсаукесері өтті
ашық дереккөзі
50255
Бүгін Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Сенің Олимпиадалық оқулығың» атты оқу-әдістемелік құралының тұсаукесері өтті, деп хабарлады turkystan.kz Кітап авторлары – Ұлттық спорт қауымдастығының вице-президенті, философия ғылымдарының докторы (Dph) Тастанбек Есентаев, профессор, педагогика ғылымдарының докторы, Халықаралық Олимпиада комитетінің мүшесі Мария Булатова мен ҚР Құрметті спорт қайраткері, доцент Бақытжан Есжанов.  width= Жиынға Мәдениет және спорт вице-министрі Сәрсен Құранбек пен елімізге танымал спорт саңлақтары, қоғам қайраткерлері мен ғалымдар қатысты. Ал рухани кешті белгілі журналист, Altyn Qyran Foundation қайырымдылық қорының бас директоры Ринат Кертаев жүргізіп, кітап авторларына Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжановтың арнайы құттықтауын жеткізді. Жиында сөз алған Мәдениет және спорт вице-министрі Сәрсен Құранбек аталған жинақтың маңызына тоқталды.
«Еліміз 1996 жылдан бері жеке-дара мемлекет ретінде Олимпиада ойындарына қатысып келеді. Әр Олимпиадада көк Туымыз желбіреп, спортшыларымыз жүлдегерлер қатарынан ойып орын алады. Жастарды тәрбиелеуде, дені сау өскелең ұрпақ қалыптастыруда Олимпиада ойындарының мәні мен маңызы жоғары. Ал енді сол Олимпиада ойындарының тұғырына ұмтылатын ұрпақты тәрбиелеу үшін біз оның тарихын да жете білуіміз керек. Осы тұрғыда бүгінгі тұсауы кесілген «Сенің Олимпиадалық оқулығың» атты жинағының алар орны ерекше», - деді Сәрсен Абайұлы.
Ал, кітап авторларының бірі әрі идея авторы Тастанбек Есентаевтың сөзінше, еліміздегі оқу орындарында жастарға Олимпиада ойындары жайында тиісті мағлұмат беретін бірде-бір дереккөз жоқтығынан осындай жинақты басып шығаруды қолға алған.  width=
«Бұл оқу құралын жазу идеясы маған «Қазақстан Дене шынықтыру ғылыми-практикалық орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Бас директоры қызметін атқарып жүргенде келді. Себебі біздегі оқу орындарында Олимпиада ойындарының тарихы мен оның танымалдығы тиісті деңгейде емес. Одан бөлек, оқу орындарында еліміздің жазғы және қысқы Олимпиада ойындарында жеткен жетістіктері жайында мағлұмат беретін бірде-бір бұрыш жоқ. Демек, өскелең ұрпақ ел мақтаныштарын, Отанымыздың патриоттарын дұрыс білмейді деген пайымға келдім», - деп айтты салтанатты кеште сөз алған Тастанбек Құтжанұлы.
Оқу-әдістемелік құралда негізінен сонау Олимпиада ойындарының тарихынан бастап тәуелсіз Қазақстанның Олимп ойындарындағы жетістіктері жазылған. Кітап авторлары Олимпиада ойындары жайында қызықты деректер мен қызықты сұрақтарды да қамтыған.  width=
«200 беттік жинақта біз жеке тұлғаларға көп көңіл бөлдік. Олимпиада ойындарында жоғары биіктерге жеткен спортшылар өз елінің, халқының сүйіктісі ғана емес, сонымен қатар, бейбітшілік пен халықтар достастығының өкілі деп санаймыз», - деп айтты Т. Есентаев.
Жинақтың тұсаукесер кешіне келген құрметті қонақтар кітаптың спорт пен ғылым саласында үлкен мәнге ие екенін жеткізіп, алдағы уақытта өскелең ұрпақты тәрбиелеу жолында осындай еңбектерді қолға алу керегін айтып тарқасты.

Серіктес жаңалықтары