«Зерттеу біздің болжамымызды растады. Әйелдерге қарағанда, ер адамдар көбіне ажырасқаннан кейін қиын жағдайға тап болады. Әсіресе, бірнеше рет ажырасқан немесе ұзақ жылдар бойы бойдақ жүрген ер адамдар», – деп атап өтті зерттеу авторлары.Бір қызығы, серігінің болуы немесе болмауы әйелдерге бұлай әсер етпеген. Бойдақ (соның ішінде ажырасқан) және некеде болғандар арасында қабыну белгілері қалыпты болып шыққан.
Ерлер әлде әйелдер: ажырасудан кім көбірек зардап шегеді?

Ерлер әлде әйелдер: ажырасудан кім көбірек зардап шегеді?
Даниялық ғалымдар ажырасудан ер мен әйелдің қайсысы көбірек зардап шегетінін зерттеді. Нәтижесінде, жалғызбасты ерлерде қабыну белгілері жоғары болғаны анықталды, деп хабарлады turkystan.kz BMJ-ға сілтеме жасап.
Ғалымдар Копенгаген биобанкіндегі 4 835 қатысушының, 48 бен 62 жас аралығындағы ерлер мен әйелдің қан үлгілерін, сондай-ақ еріктілердің ұлттық неке және ажырасу тізіміндегі жалғыз өмір сүрген жылдардағы деректерін талдаған.
Алынған деректер жас, дене салмағының индексі, әлеуметтік мәртебе және білім деңгейі, созылмалы аурулар және дәрі-дәрмектерді қоса алғанда, әртүрлі факторларға негізделген. Нәтижесінде, зерттеушілер жалғызбасты ерлерде қабыну белгісі жоғары екенін анықтады. Сонымен, ажырасудан ерлер көбірек зардап шегетіні белгілі болған.