Орнықты отбасы – Отанның олжасы

Орнықты отбасы – Отанның олжасы

Орнықты отбасы – Отанның олжасы
ашық дереккөзі

Отбасы – адам жанының сая­сы, қанат жайып, тү­леп ұшатын ал­тын ұясы. Ал от­басындағы құндылық – ұрпақ­тан-ұрпаққа жал­ғасып келе жат­қан сенім, қағида, әдет-ғұрып, сый­ластық пен сүйіспеншіліктің жиынтығы. Отбасылық құнды­лық­тар сол от­басының іргетасын ны­ғайтады, әулет ұрпақтарының тұл­ға болып қа­лыптасуына оң ық­пал етеді. «Отбасы – адамды жақсылық жа­­сауға үйрететін ең бірінші әлеу­мет­тік ортасы» деген тәмсіл бар. Жаңа заманда отбасылық құн­ды­лық­тар негізін ұмыт қалдырмай, оны жаң­ғырта түсу өзекті мәселеге айна­лып отыр. Нарықтық кезеңде жұ­мыс­бас­ты ата-ананың бала тәрбиесіне уа­қыт таба алмауы, оның жауапкер­ші­лігін мектепке жүктеп қоюының сал­дары көптеген мәселенің туын­дауы­на себеп болып отырғандай. Осы орайда Túrkistan газеті отбасы құн­дылығы туралы сарапшы маман­дар­дың пікірін жинаған болатын.  width= Динар НӨКЕТАЕВА, Сенат депутаты: Отбасы берік болса, мемлекет те мықты болады

Қазақ халқы ертеден жетімін жы­латпаған, жесірін қаңғыртпаған. Әсі­ресе, бала тағдырының тәлкекке тү­суіне қарсы болған. Сондықтан да от­басы құндылығына ерекше мән бе­ріп, оны атадан балаға мұра еткен. Алай­да бүгінде отбасылық құнды­лық­тар біршама өзгеріске ұшырады. Қа­зіргі жастар 30-40 жасқа дейін үй­ленгісі келмейді. Қыздар «Өзің үшін өмір сүр» қағидасымен жалғыз жүр­генді ұнатады. Батыстың өмір сүру тәжірибесі біздің қоғамға қызық бо­лып отыр. Осы ретте ата-ана бала­сы­на білім алғаннан кейінгі міндеті от­басын құру, балалы-шағалы болу ке­рек екенін айтып отырғаны дұрыс. Әрбір отбасының іргетасы мық­ты болса, мемлекет те мықты болады. Бі­лім ордалары осы мәселеге көп көңіл бөлуі керек. Өзім Қыздар уни­вер­ситетінде студенттеріме білім алу­мен қатар олардың шаңырақтың шы­рақшысы, болашақ ана екенін үнемі айтып жүретінмін. Қыздарға ар­налған арнайы курстарымыз бо­ла­тын. Негізі, отбасылық құндылық ту­­­ралы отбасында басталып мек­теп­те жалғасуы керек. Бұрынғы тәрбие, сы­нып сағаттарында отбасы құн­ды­лық­тары туралы айтылатын. Ұлдар еңбек сабағында тұрмыстағы ер адам атқаруы керек жұмыстарды істесе, қыздар киім тігіп, тамақ дайындап, қолөнерімен айналысатын. Осының бәрі қарап отырсаңыз, баланы от­ба­сылық өмірге дайындайтын. Яғни, отбасының маңызы туралы айты­ла­тын әңгіме балабақшадан басталып, мек­тепте жалғасып, ЖОО-да терең­де­тіліп, неке қияр алдында толықты­рылуы керек. Жігіттеріміз психолог десе ат тонын ала қашады. Жарыңмен бір­ге жан жараңның емін табу, бір-бі­ріңмен тіл табысуды меңгеру ажы­расудан әлдеқайда жеңіл емес пе? Отбасының іргесі берік, мығым болуы үшін ер мен әйелдің қосатын үле­сі бірдей. Дегенмен бүгінгі қоғам­да ер адамның отбасындағы рөлі «ақ­ша тапсам болды» деумен шек­те­ліп отыр. Ақша тауып, отбасын асы­рап, бала тәрбиесіне араласып, әйе­лі­не демеу болатын ер-азаматтарға ал­ғыстан басқа айтарымыз жоқ. Ал өзі диванда жатып, әйелін жұмысқа са­лып, оның тапқан ақшасын ішім­дік­ке, ойынға салып жүрген ер­ле­рі­міз­ді қайтеміз? Мұндай келең­сіз­дік­тің соңы ажырасуға алып келеді. Соңын­да ер жігіттер алимент төлеу­ден қашады. Нарықтық кезеңге көш­кенде азаматтарымыз не істерін біл­мей абдырап қалғанда, әйелдер ал­ға түсіп, «мықтылық» танытты. Ана­ларымыздың сол кезеңдегі отба­сын асырау жауапкершілігін өз мой­нына алуы бүгінгі ерлерімізді сол­қыл­дақ етіп жібергендей. «Қатын қай­раттанса, қазан қайнатады», «Бай­тал шауып бәйге алмас» деген ұғым өзгерді. Әйелдер еркекке ұқсап, ер­леріміз ұсақталып кетті. Кінәні тек ер адамнан іздеуден ау­лақпын. Бүгінгі қыздардың да пси­хо­логиясы өзгерген. Төркініне кете салу, ажырасу оңай болып кетті. Ба­ла­ны көшедегі, әлеуметтік желідегі біреу емес, өзіміз тәрбиелеуіміз керек еке­нін де естен шығарып жатамыз. Жақында Өзбекстанға барып кел­дім. Ол жақта ажырасушылардың көр­сеткіші төмен. Онда тәулікке, са­ғат­қа берілетін пәтерлер жоқ. Қо­нақүйде бір бөлмені неке куәлігінде мөрі бар ерлі-зайыптылар ғана бірге жалдай алады. Әйтпесе, қонақүйге кір­гізбейді. Одан бөлек ажырасқан адам мемлекетке үлкен сомада салық төлейді. Мен осы мәселеге байла­ныс­ты Үкіметке депутаттық сауал жол­да­ған болатынмын. Егер біз ондай са­лық енгізсек, азаматтық некеге тұ­рушылар саны көбейіп кетеді не­месе ерлі-зайыптылар заң жүзінде не­кеде болғанымен, бірге тұрмау қау­пі бар деген жауап алдым. Тәрбие отбасынан басталуы ке­рек. Қазір ата-аналар бала тәрбиесін мұ­ғалімдердің мойнына артып қой­ғы­сы келеді. Мектеп ата-ананы, ата-ана мұғалімдерді кінәлап жүргенде, та­лай нәрседен құр қалып отырмыз. Тәр­бие деген таңнан кешке дейін оты­рып балаға мораль оқу емес. Күні­не балаға 40-50 минут уақыт бө­ліп, еркін әңгімелессеңіз жеткі­лікті.

 width= Сая БАКИМОВА, психотерапевт: Жастардың сөзіне құлақ асу керек

Отбасының ұрпақ жалғастыру, ма­териалдық, экономикалық, тұр­мыс­тық, тәрбиелеушілік және да­мы­ту­шылық қызметтері бар. Осының ішінде тәрбиелеушілік қызмет арқы­лы біз баланың бойына отбасы құн­ды­лықтарын сіңіре отырып тұлға ре­тінде қалыптастырамыз. Алайда бұл біз «үйренген» жолдан басқа жол болуы керек. Психоанализ тілімен айт­қанда, баланың сезімдеріне кон­тейнер болу. Оның барлық ауыр, нега­тив, агрессия сезімдерін сезінуге «рұқ­сат» беріңіз. Адам өмірдегі жағ­дай­ларға байланысты түрлі сезімді бас­тан кешетінін, ол сезімдердің қа­лыпты екеніне сендіру маңызды. Мы­салы, бала үйде балмұздақ әпер­ме­генге ренжіп жылады. Контейнер бо­ла­тын отбасы оның жанына келіп, «Сен балмұздақ жемегеніңе жылап отыр­сың ба? Ертең жейсің ғой. Ал қа­зір маған кел, сені құшақтайын» не­месе «Ренішің басылғанша жа­ның­да отырайын» дейді. Ал баланың се­зі­міне шыдай алмайтын отбасы «Жы­лаушы болма, көз жасыңды көр­сетпе, ана жаққа барып жылап кел» дейді. Үлкендер баланың сезімін өз сезімінен бөлек алып қарау керек, бізде кейде бала ашуланса үлкендер қоса ашуланып, бәрі бір-біріне ай­қай­лайтын жағдайлар жиі кездеседі. Осы орайда мен ата-аналарға пси­хо­ло­гиялық сауатты арттыру керек дер едім. Сондай-ақ ата-ана баланың даму кезеңіне байланысты ерекше­лік­терін білуі керек. Мысалы, балада екі жасқа тақағанда кризис баста­ла­ды, көп жылайды, қырсығып, өз де­ге­нін істеткісі келеді. Бұл – қалыпты про­цесс. Одан барлық бала өтеді. Бір­ақ бұдан хабары жоқ отбасы бала­ның бұл кезеңіне шыдамай, ерлі-зайып­тылар бір-біріне «сен еркелет­тің, құтырттың» деп ұрсысып жата­ды. Негізі, осындай дағдарыстарды бір­ге еңсерген отбасының іргесі берік бола түседі. Мұндай ортада өскен ба­ла отбасының маңызын, құнды­лы­ғын сезініп, ата-анамен ашық сөй­ле­се алады. Жалпы, капиталисттік қоғамда да отбасындағы үйлесімділікті, түсі­ніс­тік пен құндылықтарды сақтап қалуға болады. Мәселе рухани және эко­номикалық дағдарыста. Қиын кез­де адамның ұрпақаралық және же­ке травмалары оянады. Содан аг­рес­сия көбейеді. Біз қазір ұлт ретінде қа­раусыз қалған жетім баланың рө­ліндеміз. Сенгіміз келетін, көмек­те­седі дейтін адал, мықты, мейірімді ата-ананың бейнесі жоқ. Оның ор­нына озбыр, айтқанын орындамай­тын, тек жазалаушы бейнесі бар. Күш­ті әлсізді одан сайын қинайды де­генге үлкендер көзі жетіп, соған се­ніп отырса, әрине балалар да сол жүйе­ге бейімделеді. Содан келіп мек­тепте буллинг, агрессия көбейеді. Ба­­­­лалар кімнің ақшасы жоқ, кімде көп, кімнің әкесі мықты дегенге тым ер­те бөліне бастайды. Кей жағдайларда жастар аға ұр­пақ­тан анағұрлым өткір, ақылды. Біреу­ге күштеп құндылық сіңіреміз де­сек біз қарсыластыққа тап бола­мыз. Бұл – жалпыға ортақ әмбебап заң­дылық. «Сенде құндылық жоқ, мен саған үйретем» деп біреудің ақыл айтқаны ешкімге ұнамайды. Жастар тарапынан ақыл-кеңес, өсиетке қар­сылық бар. Өйткені олар өзіне дейін­гі ұрпақтың сөзі мен ісінің бір-біріне сай келмейтінін, көп өтірік айтаты­нын, екіжақты өмірін, тәуелділігін кө­ріп өсті. Бақытсыз, агрессиялы от­басында өскен адамға осы өмір дұрыс, біздің айтқанымызды тыңда деп күштеуге болмайды. Мұны шешу­дің нақты, төте жолын білмеймін, бір білерім, адам өзін-өзі алдамауы ке­рек. Өзен тек алға қарай ағады, теріс ақ­пайды. Сол сияқты өткен қайтып кел­мейді. Өткенін жібере алмаған көр­шілеріміздің қандай жағдайға жет­кенін көрдік. Бізге өткенге сала­уат айтып, ұлт ретінде бастан кешкен травмаларға дұрыс ат қойып, мән беріп, тек алға жылжу керек. Әр ұр­пақ­тың өз айтары бар. Сондықтан жас­­тардың да сөзіне құлақ асу керек.

 width= Мақсұтбек АЙТМАҒАНБЕТ, «Әкелер одағы» РҚБ төрағасы: Құндылықтарды заманға сай жаңғырту керек

Ата-бабамыздан ғасырлар бойы жал­ғасып келе жатқан құндылық­тар­ды сол қалпында сақтау мүмкін емес. ХХІ ғасырда әлем, экономика, қа­рым-қатынасы өзгерді. Жаһандық өз­герістер әрбір салаға, оның ішінде от­басына да өз ықпалын тигізіп отыр. Сондықтан адамдардың қа­лып­тасқан менталитеті, қарым-қа­тынасы өзгеріп келе жатыр. Бұл – дү­ние жү­зіне ортақ үрдіс. «Елу жылда – ел жаңа» дейді. Ата-бабадан келе жатқан «реформаларды» електен өткізіп, өмір талабына сай бейімдеген дұрыс. Жаһандануға жұтылып кетпеудің бір жо­лы – отбасы құндылықтарын қал­пына келтіру, оны заманға сай жаң­ғырту. Бұл мәселені Түркістанда өт­кен құрылтайда Мемлекет басшысы да айтып өтті. Қазір жастардың ғана емес, қо­ғам­ның отбасыға деген көзқарасы өз­гер­ді. 13-14 жастағы жасөспірімдер он­лайн жұмыс істеп жатыр. Балалар ата-анасына материалдық тұрғыдан тәуел­ді емес. Бұл, әрине, жақсы. Алай­да рухани жағынан ата-ана мен бала әр­қашан байланысты болуы керек. Са­лыстырып қарайтын болсақ, өзбек, түрік ағайындарға қарағанда біз өз құндылықтарымызды біраз жо­ғалтып алдық. Оларды қалпына кел­тіру үшін бауырларымыздан үйре­неріміз көп, алайда үйрететін нәр­семіз де бар. Атам заманнан ер-азамат өз от­ба­сына жауапты. Әке – шаңырақтың ота­ғасы, өз балаларына ат қояды, те­гін береді. Бұл – түркі халық­тары­ның құндылығы. Өкінішке қарай, өз ба­ласын тастап кеткен әкелерге қа­рап біз отбасы құндылығын сақтап отырмыз дей алмаймыз. Біздің қоғам ажырасу кезінде көп нәрсені әйелден көреді. Қалалық отбасылардың мо­де­лінде де әйелдің мойнында жауап­кер­шілік көп. Әйел де, ер адам да жұ­мыс істегенімен, жауапкершілік ер адамда болуы керек. Осы ретте жі­гіт­теріміз үйленуге саналы түрде қадам жа­саса екен деймін. Біздің ұйым әке­лермен жұмыс істейді. Ажырасқан ер жігіттермен сөйлесіп, олармен ара­ласып, әйелмен ажырасу баламен ажы­расу емес екенін түсіндіріп жүр­міз. Бұл – істеп жүрген жұмыс­тары­мыз­дың бір бөлігі. Бала тәрбиесіне еркек те, әйел де жауап­ты. Ата-ана бұл жауапкер­ші­лік­ті мектепке асып қоймай, өз баласы­мен жұмыс істеуі керек. Ата-ана­лар­дың балалармен жұмыс істемеуінен, ана­ның қызымен сырласпауынан, әке­нің ұлымен ашық сөйлеспеуінен не­кесіз туу, аборт жасату, ажырасу мә­селелері ушығып тұр. Мұндай мә­се­лелер отбасында алдын-ала ашық талқыланса дейсің. Ол үшін баламен кішкентайынан дұрыс диалог орнату керек. Балаға уақытында айтпай, тү­сіндірмей, білім бермей, кейін отбасы шай­қалған кезде «Сен неге ажырасып жатырсың?» деуге ата-ананың құ­қы­ғы жоқ. Сондықтан балаларымызға уа­қытылы көңіл бөліп, жұмыс іс­тейік. Сонда ғана отбасы мәселелері ше­шіледі.